3.02.2021, 16:32
Қараулар: 181
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшиннің 2021 жылдың 1 ақпанындағы №15 өкімімен Жанғали Есқалиұлы МҰРАТОВ Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жанғали Есқалиұлы 1988 жылы 10 қаңтарда Жаңақала ауданы, Пятимар ауылында дүниеге келген.

2010 жылы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ университетін «Инженер-технолог» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2011 жылы Жаңақала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маман-архитекторы болып еңбек жолын бастаған. Кейін 2017-2020 жылдары арасында Жаңақала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, 2020-2021 жылы Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының бас маманы болып қызмет атқарды.

Отбасылы, 1 ұл, 1 қызы бар.