Шәкіртінің жетістігін көру ұстаз үшін де, ата-ана үшін де мерей. Оның үстіне көңілі кіршіксіз бала қуанышын көру де бір ғанибет емес пе? Міне, №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің 2 ә сынып жетекшісі Ақтоты Ильясова осындай сауапты іске қол жеткізіп жүрген ұстаз.
Жақында шәкірттерінің бірі Әбілмансұр Өмірзақ www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада сайты әдебиеттік оқу пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиадасының жеңімпазы болып, І Дәрежелі дипломмен марапатталса, артынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай оқушылар арасында өткізілген аудандық “Үздік хат” байқауының қорытындысы бойынша да І орынға қол жеткізіп, арнайы сыйлыққа ие болды. Әрине, шәкірт жеңісі – ұстаз еңбегінің жемісі.