9 тамыз күні аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин жұмыс сапарымен Бірлік ауылдық округінде болды. Ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, көкейкесті мәселелеріне құлақ түрді. Қабылдауға жазылған 3 тұрғын екен. Үшеуінің де мәселесі – жұмыссыздық.
Ауылдағы жұмыссыздық-тан қажыған олар аудан басшысына үміттене қа-райды.
Кездесуде аудан әкімі Н.Қадырбайұлы ауылдық округ әкіміне босаған жұмыс орындарын қадағалауды тапсырып, сол орынға ең алдымен, мұқтаж жандардың орналасуы керектігін айтты.
Мұнан кейін Бірлік ауылдық мәдениет үйінде дөңгелек үстел озды-рылды. Жиынға ауылдың үлкендері, шаруа қожалығы жетекшілері, ауылнайлар, тағы да басқалар қатысты.
Басқосуда мал азығы, ауыз су, жол секілді күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселелер талқыланды.